Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талғар ауданында 150 гектар сүрлемдік жүгері орылды

Алматы облысының Талғар ауданында күзгі жиын-терім науқаны жалғасып жатыр. Аудан әкімі егіс алқаптарын аралап, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау және мал азығын дайындау жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.08.2026
Жаңалықтар

Сапар барысында аудан басшысы «Байсерке-Агро» ЖШС-нің егіс алқабына барып, сүрлемдік жүгеріні жинау жұмыстарын көрді. Қазіргі таңда ауданда мал шаруашылығына қажетті азық қорын жеткілікті көлемде дайындауға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Биыл Талғар ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 20 мың гектарды құрайды. Оның 9,7 мың гектарына дәнді, 2,4 мың гектарына майлы дақылдар егілген. Сондай-ақ 537 гектарға көкөніс, 102 гектарға бақша дақылдары, 689 гектарға картоп орналастырылған. Мал азықтық дақылдардың үлесі 7 мың гектарға жетеді.

Қазіргі уақытта дәнді, майлы, көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Мал азығын дайындау аясында сүрлемдік жүгеріні жинау басталды. Бүгінге дейін 150 гектар алқап орылып, 6 мың тонна өнім жиналды. Орташа өнімділік гектарына 400 центнерді құрап отыр.

Егістік алқаптардың өнімділігін арттыру мақсатында биыл 6100 тонна минералды тыңайтқыш сатып алынып, жоспар толық орындалды.

Ауданда су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Биыл су үнемдеу технологияларын 4814 гектар алқапқа енгізу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 3897 гектарында тиісті технологиялар қолданылып отыр.

Аудан әкімдігі күзгі жиын-терім науқанын белгіленген мерзімде аяқтау, мал азығы қорын жеткілікті деңгейде қалыптастыру және ауыл шаруашылығында заманауи технологияларды кеңінен қолдану жұмыстарын бақылауда ұстап отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz