Полиция мәліметінше, оқиға 16 қарашада болған. Кешкі уақытта Талдықорғанда белгісіз ер адам 12 жастағы қызға тиіспек болған. Бала зардап шеккен жоқ.
«Бұл дерек бойынша күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Арнайы іс-шаралар қалалық полицияның күшімен жүзеге асырылып жатыр, оларға облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері де қосылды. Тергеу жүргізіліп жатыр, іс Жетісу облысы ПД-ның ерекше бақылауына алынған», — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram




