Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Су тапшылығына жауап: Алматы облысының шаруалары жаңа технологияға көшіп жатыр

Алматы облысында су үнемдеу технологиялары қолданылатын егістік көлемі бір жылда 66 мыңнан 94 мың гектарға дейін ұлғайды. Су тапшылығына бейімделген шаруалар тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін кеңінен енгізіп, суды көп қажет ететін дақылдардың көлемін қысқартып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026
Жаңалықтар

Биыл өңірде 440 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Қыста қардың аз түсуіне байланысты су қорының шектеулі болатынын ескерген шаруалар егіс құрылымына да өзгеріс енгізген. Соның ішінде күріш алқабы 2 мың гектарға қысқарып, оның орнына ылғалды аз қажет ететін дақылдарға басымдық берілді.

Ауыл шаруашылығында 20 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Мәрлен Абылғазинов су үнемдеу технологиясының тиімділігін бірнеше жылдан бері пайдаланып келеді. Оның шаруашылығында Израиль технологиясына негізделген тамшылатып суару жүйесі 2020 жылы орнатылған.

Биыл шаруа 120 гектар жерге сүрлемдік жүгері егіп, 6 мың тоннадан астам өнім алуды жоспарлап отыр.

«Тамшылатып суару жүйесінің арқасында өнімділік 3-4 есе артты. Биыл бұл алқаптан тауарлы сүт фермасындағы сиырларға қажетті мал азығын дайындап жатырмыз. Әр гектардан шамамен 50 тоннадан өнім алып отырмыз», – дейді Мәрлен Абылғазинов.

Мемлекет су үнемдеу технологияларын енгізген шаруалардың шығындарының 80 пайызын өтейді. Оның 50 пайызы республикалық, қалған бөлігі облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар тұқым, жанар-жағармай және минералды тыңайтқыштарға жұмсалған шығындардың бір бөлігі субсидияланады.

Іле ауданында биыл су үнемдеу технологиялары 4459 гектар алқапта қолданылып отыр. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркеғани Жүнісовтің айтуынша, шаруалар үшін жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері де қарастырылған.

«Кең дала» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жылдық 6 пайызбен несие беріледі. Қазір ауданда тоғыз шаруа қожалығы осы бағдарлама аясында жалпы 812,8 млн теңге қаржы алған.

Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркінбек Дәуітқұловтың сөзінше, жаңа технологиялар өнімділік көрсеткішіне де оң әсер еткен.

«Былтыр орташа өнімділік гектарына 17-18 центнер болса, биыл 21-22 центнерден өнім алып отырмыз. Су үнемдеу технологиясына ерекше көңіл бөліп жатырмыз», – деді ол.

Былтыр Алматы облысында су үнемдеу технологиялары 66 мың гектар алқапта қолданылса, биыл 94 мың гектарға жетті. Яғни бір жыл ішінде көрсеткіш шамамен 42 пайызға өскен.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
15.09.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
15.09.2026

Әділетті мемлекет құрудағы Ата Заңның рөлі

Акжаркын
15.09.2026

Әділет пен тәртіп жолындағы қоғам

Акжаркын
15.09.2026

Су тапшылығына жауап: Алматы облысының шаруалары жаңа технологияға көшіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz