Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентте шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Алдын алу қызметінің басшысы Саян Ахметжанов онлайн брифингте жыл басынан бері жол саласындағы жемқорлық бойынша ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Alataunews.kz агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

17.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«2021 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 18 сотқа дейінгі іс тергеу жүргізсе, биыл жартыжылдықтың өзінде ғана 15 сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мұның бәрі – қылмыстық істер. Оның көбі ақша жымқыру, парақорлық лауазымдық өкілетін пайдалану баптарымен байланысты», — деді ол.

Мысалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде Батыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшының үстінен қозғалған іс жатыр. Ол жалпы сомасы 180 млн теңгеден асатын жұмыстардың орындалғаны туралы жалған актіге қол қойды деген күдікке ілінді. Күрделі жөндеу нысаны – «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында қаржы бөлінген «Бөрілі-Ақсай-Жымпиты» бағытындағы жол.

«Сондай-ақ Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы мен өзге тұлғалардың үстінен де қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар былтыр қазан айында мемлекет бюджетін ысырап ету арқылы 747 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған. Мұнда да қаражат «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бөлінген», — деді Саян Ахметжанов.

Саян Ахметжановтың айтуынша, жемқорлыққа қатысты заң бұзушылық жазасыз қалмайды.

Тегтер: заңсыз ақшаШенеунікШымкент

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz