Танымал спортшы Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Әлемдік аренада Қазақстанның намысын қорғап жүрген спортшы ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық ұстанымын білдірді.
Шавкат Рахмонов – Қазақстанды халықаралық спорт аренасында танытып жүрген белгілі ММА шеберлерінің бірі. Оның жекпе-жектері әлемдегі аралас жекпе-жек жанкүйерлерінің ерекше назарында.
Спортшының сайлауға қатысуы қоғам өміріне белсенді араласудың және азаматтық жауапкершіліктің маңызын көрсетеді. Осылайша, әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген Шавкат Рахмонов бұл жолы сайлау учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады.





