Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сайлау учаскесіне спорт көлігімен келді: Алматы облысында дрифт-шоу ұйымдастырылды

Қонаев қаласында Орталық Азия дрифт-шоуының 4-кезеңіне қатысқан спортшылар Құрылтай сайлауына спорт көлігімен келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Дрифт жарыстары Қонаевта жаз бойы өтті. Онда Қазақстанның әр өңірінен келген үздік дрифт-шоу спортшыларымен қатар, алыс-жақын шетелден келген қатысушылар да бақ сынады. Жеңімпаздар арасында Алматы облысының спортшылары да бар.

Төрт спортшы жақында ғана жарыс жолында болған спорт көліктерімен сайлау учаскесіне табан тіреді. Тіркеуден өткен соң, бюллетень алып, өз таңдауын жасады.

“Бүгінде «ASP Arena» – республикадағы ең танымал спорт алаңдарының бірі. Мұнда жазғы және қысқы дрифт-шоулар өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен көрермен жиналады. Биыл жарыстар жаз бойы жалғасты, біз үшін маусым өте қарқынды өтті. Өзіміз облыс орталығының тұрғыны болғандықтан, бүгін сайлауға спорт көліктерімен келіп, дауыс беруді ұйғардық. Спорт өміріміздің үлкен бөлігіне айналған. Бүгін – әрбір тұрғын қатысуы тиіс маңызды күн. Сондықтан айтулы сәттен қалыс қалмай, өз парызымызды орындадық», – деді спорт көлігін тізгіндеген Петр Бородин.

Бұл күні спорттық шаралар Қонаевтың өзге де алаңдарында өтеді. Қаланың орталық алаңына әуе шары қойылып, №5 қалалық жағажайда флайборд-шоу ұйымдастыру жоспарланған. Бұл шаралар облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына арналған бағдарлама аясында өтеді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz