Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Республикалық тұңғыш марафон-бәйгенің жүлде қоры 65 млн теңге

Мұны ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

27.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Министр мәліметінше, елімізде «Ұлы Дала жорығы» атты республикалық тұңғыш марафон-бәйге 17-29 қыркүйек аралығында өтеді. Қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын қамтитын бағытта 1200 шақырымды еңсереді.

«Бұл – Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, тіпті әлемде теңдесі жоқ марафон-бәйге. Сондай-ақ бұл аламан жай ғана ат жарысы емес – қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртатын, рухын оятатын, Қазақстанның бай табиғаты мен тарихын зерделейтін, жаңа туристік бағыттарды қалыптастыратын тың жоба болмақ.  Бұл бәйге болашақта өзіміздің ат үстіндегі дәстүрлі «Париж Дакарымыз, Тур де Франсымыз» болады деп үміттенемін», – деді Дәурен Абаев Facebook парақшасында.

Жеңімпаз 30 млн теңге, 2 орын иегері – 20 млн теңге, 3 орын үшін 15 млн теңге алады.

Айта кету керек, марафонды өткізу кезінде барлық қатысушылар талапқа сай жабдықталған демалыс орындарымен, ас-ауқатпен және қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Тегтер: марафон

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz