Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Конституция бойынша республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізуге Үкімет резервінен шамамен 21 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026
Жаңалықтар

Мәліметке сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 ақпандағы №88 қаулысымен референдум өткізуге 20 777,5 миллион теңге қарастырылған. Оның ішінде 20 653,9 миллион теңге Орталық сайлау комиссиясына бағытталды.

Бөлінген қаржының негізгі бөлігі – 15 698 миллион теңге немесе 75 пайызы барлық деңгейдегі референдум комиссияларының 71 044 мүшесінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Ал 4 956 миллион теңге немесе 25 пайызы ұйымдастыру іс-шараларына, атап айтқанда ақпараттық сүйемелдеу, полиграфиялық және баспа өнімдерін әзірлеу, сондай-ақ комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігіне 123,6 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражат 62 елдегі 80 шетелдік дауыс беру учаскесінде қызмет ететін мамандарды іссапарға жіберуге арналған.

Қаржы министрлігі референдумға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға халықаралық ұйымдардың, шетелдік мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар мен азаматтардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың тікелей немесе жанама түрде қатысуына заңмен тыйым салынатынын атап өтті.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz