Іс-шара барысында ғасырлар бойы сақталған жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.
Алайда көрменің ең басты әрі көпшілікті ерекше қызықтырған жәдігері — «Алтын адамның» киімі болды. Экскурсияның дәл осы бөлігі келушілерді ерекше әсерге бөледі. Қонақтар оның нәзік кестелерін, қолданылған материалдарын, әшекейлері мен бекіту тәсілдерін мұқият тамашалап, әр бөлшегін жіті зерттеуге тырысты.

Мамандар бұл күні жиналған қауымға Алтын адам дәуірінің тұрмыс-тіршілігі туралы барынша мазмұнды әрі әсерлі түрде әңгімелеп беруге тырысты. Келушілер сол заман адамдарының қандай ыдыс-аяқ пайдаланғанын, қандай салт-дәстүрлерді қастерлегенін, қандай киімдер кигенін және ата-баба мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге қалай мән бергенін қызығушылықпен тыңдады.




Фестиваль барысында сол дәуірдің рухын сездіретін көне музыкалық аспаптар да көпшілік назарына ұсынылды (жоғарыдағы суретте). Этно-музейдегі әрбір жәдігер келушілердің ерекше қызығушылығын тудырып, ешбір экспонат назардан тыс қалған жоқ.



Мұнда тұрмыстық бұйымдармен қатар, ұлттық нақыштағы шапандар мен камзолдар да көпшілік назарына ұсынылды. Экспозицияны алтын мен күмістен жасалған әсем әшекейлер толықтырып, келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Әсіресе олардың нәзік өрнектері мен нақыштап соғылу шеберлігі көпшілікті таңғалдырды. Себебі сол дәуірде бүгінгідей заманауи технологиялар болмағанына қарамастан, шеберлер қолөнердің озық үлгілерін жасап, жоғары талғам мен асқан дәлдіктің үлгісін көрсете білген.










Экспозиция әсерін одан әрі толықтыра түсу үшін көрме қазақ хандарының, ойшылдары мен ақындарының портреттерімен безендірілді. Бұл көрермендердің өткен мен бүгіннің арасындағы рухани байланысты тереңірек сезінуіне жол ашты.

Этнофестиваль аясында Жамбыл Жабаев шығармашылығына ерекше құрмет көрсетілді. Көрмеде көне музыкалық аспаптармен қатар, қазақ поэзиясының алыбының қайта жарық көрген шығармалары да көпшілік назарына ұсынылды. Бұл жәдігерлер келушілерге халқымыздың рухани мұрасымен тереңірек танысып, Жамбыл жырларының құндылығын тағы бір сезінуге мүмкіндік берді.
Бұл кеш көпшілік үшін өткенге жасалған рухани саяхатқа айналды. Жиналған қауым көне мұраларды тамашалап қана қоймай, олардың мән-маңызын тереңірек түсініп, өнерге бір табан жақындай түсті. Өйткені өнер адамды мейірімді, рухани бай әрі парасатты етеді. Ал осындай құндылықтардан алған тағылымды кейінгі өсіп келе жатқан ұрпаққа жеткізу баршамыздың міндетіміз.





