Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Іле ауданында 44,5 млрд теңгеге 39 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Алматы облысының Іле ауданында 2027 жылы жалпы құны 44,5 миллиард теңгені құрайтын 39 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026
Жаңалықтар

Іле ауданы Алматы облысының ірі өнеркәсіптік және логистикалық орталықтарының бірі саналады. Өңірде инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша аудан экономикасына 231,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 29,2 миллиард теңгеге артық.

Аудан әкімінің айтуынша, алдағы жылы жүзеге асырылатын жобалар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика және құрылыс салаларын қамтиды. Олардың қатарында өндірістік кәсіпорындар, қойма кешендері мен тұрғын үй нысандары бар. Атап айтқанда, Ащыбұлақ ауылдық округінде «Qaz Prod Line» компаниясы 10 миллиард теңгеге заманауи қойма кешендерін салуды жоспарлап отыр. Жоба іске асқан жағдайда 200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Байкент ауылдық округінде құны 3 миллиард теңге болатын сүт өңдеу зауытын іске қосу көзделген. Бұл кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайтып, жергілікті өндірістің дамуына ықпал етпек. Сонымен қатар Қараой ауылдық округінде 1,3 миллиард теңгеге инертті материалдарды өңдеу зауытын ашу жоспарланған. Ал Өтеген батыр ауылында тұрғын үй және көпфункционалды кешендер салу қарастырылып отыр.

«Біз үшін инвестиция тарту тек қаржы көлемін арттыру емес. Оның артында жаңа кәсіпорындар, тұрақты жұмыс орындары және тұрғындардың табысы тұр. 2027 жылы 39 жобаны жүзеге асырып, 700-ге жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Әрбір жаңа кәсіпорын аудан экономикасының дамуына қосылған үлес, ал әрбір жұмыс орны бір отбасының тұрақты табыс көзі», – деді Қайыржан Жақсымбетов.

Аудан басшысы инвестициялық жобалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы басты назарда екенін атап өтті. Осы мақсатта инвесторларға қолайлы жағдай жасау, өндірістік инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жұмыстары жалғасады.

Жоспарланған жобалардың іске асуы Іле ауданының өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті экономиканы әртараптандыруға және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Шыңғыс Әрінов Балқаш ауданында тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады Как вам разговор? Пригодился?

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Іле ауданында 44,5 млрд теңгеге 39 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Шыңғыс Әрінов Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz