Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта волейболдан облыс чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Қонаев қаласында ерлер командалары арасында волейболдан Алматы облысының чемпионаты аяқталды. Өңір біріншілігінде облыстың аудандары мен қалаларынан келген сегіз команда өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі qonaev-gorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026
Жаңалықтар

Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар қатысты. Турнир барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірқатар кездесу тартысты өтті. Қатысушылар үшін бұл дода облыс чемпионы атағын сарапқа салумен қатар, шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.

Чемпионаттың тағы бір маңызды мақсаты – Алматы облысының ерлер құрамасына үміткер спортшыларды анықтау. Жаттықтырушылар штабы ойыншылардың жарыс жағдайындағы дайындығын бағалап, алдағы республикалық додаларда өңір намысын қорғай алатын волейболшыларға назар аударды.

Жарыстың бас төрешісі Қанат Ауғанбаевтың айтуынша, командалардың деңгейі бір-біріне жақын болғандықтан, чемпионат басталғанға дейін нақты фаворитті атау қиын болған.

«Командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетті, көптеген кездесулер тартысты өтті. Біз үшін ең мықты команданы анықтаумен қатар, облыс құрамасын күшейте алатын ойыншыларды байқау маңызды болды. Мұндай жарыстар спортшыларға ойын тәжірибесін жинауға, ал жаттықтырушыларға олардың мүмкіндіктерін объективті бағалауға мүмкіндік береді», – деді Қанат Ауғанбаев.

Жамбыл ауданының намысын қорғаған Шерзат Асанов та чемпионаттағы әр кездесу спортшылардан барынша жинақылықты талап еткенін атап өтті. Ол волейболмен мектеп кезінен бері айналысады.

«Қарсыластардың деңгейі шамалас болған кезде бір сәтке де босаңсуға болмайды. Біздің команда үшін бұл чемпионат «Алатау лига» жобасы аясындағы жарыстардың келесі кезеңіне жақсы дайындық болды. Ендігі мақсатымыз – жеңіске жетіп, жобаның финалына жолдама алу», – деді спортшы.

Чемпионат қорытындысында Қарасай ауданының командасы облыс чемпионы атанды. Күміс жүлдені Еңбекшіқазақ ауданының волейболшылары иеленсе, Балқаш ауданының командасы үздік үштікті түйіндеді.

Жарыс қорытындысы:

  • I орын – Қарасай ауданы;
  • II орын – Еңбекшіқазақ ауданы;
  • III орын – Балқаш ауданы.
Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жүректегі ауыл» жыр жинағының тұсауы кесілді

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026

Алматы облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шара өтті

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026

«Алматы – Бішкек» тасжолында қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
08.09.2026

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Акжаркын
08.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz