Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта студенттерге есірткі қылмысы мен интернет алаяқтықтың қаупі түсіндірілді

Қонаев қаласында колледж студенттеріне есірткі қылмысының алдын алу және интернет алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері жастармен кездесіп, заңсыз әрекеттердің салдары мен жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026
Жаңалықтар

Профилактикалық кездесу Қонаев қаласының көпсалалы колледжінде ұйымдастырылды. Іс-шараға Қонаев қаласы полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Данияр Нұрсейітов және Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция капитаны Елдос Ақылбеков қатысты.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды. Студенттерге есірткі заттарын заңсыз сақтау мен таратудың құқықтық салдары түсіндіріліп, есірткі тасымалдауға немесе жасырын орындарға қалдыруға байланысты заңсыз әрекеттерге араласудың қауіпті екені ескертілді.

Әсіресе, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жоғары табыс ұсынатын күмәнді жұмыс хабарландыруларына сақтықпен қарау қажеттігі айтылды. Мұндай ұсыныстардың артында есірткі таратуға байланысты заңсыз әрекеттер тұруы мүмкін.

Сонымен қатар кездесуде интернет алаяқтық мәселесі қозғалды. Құқық қорғау органдарының өкілдері жастарға онлайн алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, белгісіз нөмірлерден келетін қоңыраулар мен күмәнді хабарламалардың қаупі туралы ақпарат берді.

Мамандар жеке мәліметтерді, банк карталарының деректемелерін, құпиясөздер мен растау кодтарын бөгде адамдарға бермеуге кеңес берді. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу және интернет арқылы жасалатын қаржылық операцияларға мұқият қарау қажеттігін ескертті.

Полиция қызметкерлері жастарды заңсыз әрекеттерден аулақ болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және құқық бұзушылық белгілері байқалған жағдайда тиісті органдарға хабарласуға шақырды.

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткі қылмысына тартылу қаупін төмендету және интернет алаяқтықтан сақтану дағдыларын қалыптастыру.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта апатты үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа баспанаға көшірілуде

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында 207 отбасы жаңа баспанамен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында PepsiCo үшін 26 мың тонна картоп сақтайтын қойма іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz