Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқару қызметіне 2020 жылы туған баланың пәтерде жалғыз қалғаны туралы хабарлама түскен.
Шақырту бойынша оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жағдайды бағалап, пәтерге кіру үшін арнайы құралдарды пайдаланған.
Атап айтқанда, мамандар үш иінді сатының көмегімен екінші қабаттағы балконға көтеріліп, пәтерге қауіпсіз кірген.
Құтқару жұмыстары сәтті аяқталып, бала ата-анасына тапсырылды. Оның денсаулығына зақым келмеген, медициналық көмек қажет болған жоқ.
Осы жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті.
Мамандар кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауға, терезелер мен балкондардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алуға шақырады.
Еске салайық, төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуға болады.





