Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026
Жаңалықтар

Жиынға екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттарының өкілдері мен кәсіпкерлер, инвесторлар, компания басшыларынан құралған 100-ден астам адам қатысты. Онда инвестициялық жобаларды нақты іске асыру  жолдары талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі.

Шара барысында Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен және ҚР Сыртқы істер вице-министрі құттықтау сөз сөйлеп, форумның екі ел арасындағы байланысты жандандырудағы маңызына тоқталды.

Шыңғыс Сайранұлы өз сөзінде аймақта бизнес үшін барлық қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. Облыс әкімінің айтуынша, соңғы сегіз айда облысқа 747 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ке көп. Сондай-ақ жалпы құны 7,1 трлн теңге болатын 293 инвестициялық жоба іске асу сатысында.

«Өңірде жаңа өндіріс ошақтарын орналастыру үшін аумағы 9 мың гектар жерде жалпы инвестициялық портфелі шамамен 1 трлн теңгені құрайтын 22 индустриялық аймақ құрылуда. Агроөнеркәсіп саласы да қарқынды даму үстінде. Бүгінгі күні жалпы құны 1,3 трлн теңгеден асатын 44 инвестициялық жоба бар. Біз әсіресе ет пен сүтті, астық пен майлы дақылдарды, жеміс-жидек пен көкөністі терең өңдеуге басымдық беріп отырмыз. Сонымен қатар еліміздің өзге өңірлерінде баламасы жоқ, аумағы 98 мың гектар болатын «Alatau» арнайы экономикалық аймағы дамып келеді. Өнеркәсіп, логистика, заманауи технологиялар және іскерлік инфрақұрылым қатар дамитын Алатау қаласын жаңа экономикалық орталық ретінде қарастырамыз», – деді Шыңғыс Сайранұлы. Сондай-ақ Дания Корольдігі мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестиция, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, энергетика және заманауи технологиялар саласында бірлескен жобаларды дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты.

Мәртебелі мейман Ларс Лёкке Расмуссен Дания Корольдігі үшін Орта Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту маңызды міндеттердің бірі екеніне тоқталды.

«Біздің басты мақсатымыз – инвестициялық жобаларды іске асырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, мамандардың кәсібилігін шыңдап, қос тарапқа да тиімді бизнесті дамыту. Табысты экономикалық ынтымақтастық технология мен капиталға ғана емес, өзара сенімге де байланысты. Сондықтан Қазақстан мен Дания арасында бұдан да берік байланыс орнағанын қалаймыз», – деді Ларс Лёкке Расмуссен.

ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ардақ Зебешев Қазақстан мен дат компанияларының логистика, су шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және энергетика саласындағы мол тәжірибесі мен қызығушылығын нақты әрі ұзақ мерзімді жобаларға ұластыруға мүдделі екенін айтты.

Форум нәтижесінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Данияның ең ірі кәсіпкерлік ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, қос мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 19,7 млн АҚШ долларына жетіп, 43,9%-ға артты. Бүгінде екіжақты байланыс жаңа бастамаларымен толығып келеді. Мәселен, бүгін Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа зауыты іске қосылды. Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 1 млрд литр сусын өндіреді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта апатты үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа баспанаға көшірілуде

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында 207 отбасы жаңа баспанамен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында PepsiCo үшін 26 мың тонна картоп сақтайтын қойма іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz