Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады

Қонаев қаласында қалдықтарды қайта өңдеуге арналған заманауи зауыт бой көтереді. Жалпы құны 11 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба алдағы екі жыл ішінде жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Әкімнің айтуынша, инвестиция тарту – қаланың тұрақты дамуының негізгі бағыттарының бірі. Бүгінде Қонаевтың инвестициялық портфелінде жалпы құны 435 млрд теңгені құрайтын 42 жоба бар. Оның 14-і іске асырылып жатса, қалғандары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Осы ірі жобалардың қатарында қоқысты сұрыптап, қайта өңдеуге арналған зауыт құрылысы да бар. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқан кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтып, тұрмыстық қалдықтарды тиімді өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 70 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Қалада қоқыс өңдеу зауытының іске қосылуы қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қалдық көлемін азайтуға және 70 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», – деді Асхат Бердіханов.

Кездесу барысында қалада жүзеге асырылып жатқан өзге де инвестициялық жобалар таныстырылды. Биыл жеке инвестиция есебінен «Интермед Плюс» ЖШС-нің кардиологиялық орталығы ашылды. Құны 3 млрд теңгені құрайтын жоба аясында 100 жаңа жұмыс орны құрылып, тұрғындарға жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтап, сапалы медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалды.

Қалада тұрғын үй құрылысы да қарқын алған. №10 шағынауданда «Central Asia Construction Company» ЖШС жүзеге асырып жатқан «Самұрық» тұрғын үй кешені салынып жатыр. Жоба аясында 37 тұрғын үй, сегіз коммерциялық нысан, 15 қабатты бизнес-орталық және балабақша бой көтереді. Биыл жыл соңына дейін әрқайсысында 160 пәтерден болатын төрт көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 65 млрд теңге. Жалпы Қонаевта жеке инвесторлар есебінен сегіз тұрғын үй кешені салынуда.

Сонымен қатар инвесторлар қаржысына «Достық үйі» мен дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы жүріп жатыр. Ал Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен алты әкімшілік ғимарат салынуда.

Қала әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Оның айтуынша, биыл 13 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделіп, 19 үйдің қасбеті жаңартылды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 16 қоғамдық аумақ абаттандырылып жатыр. Сондай-ақ Ұлттық жоба шеңберінде ауыз су, кәріз және электр желілерін жаңарту жұмыстары қолға алынған.

Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, қала әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Қонаевта қалдықтарды қайта өңдеу зауыты салынады

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап берді

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Диана Ахметова
03.08.2026

Көркейген өлке – кемел келешек

Диана Ахметова
03.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz