Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта Қала күніне орай «Ашық микрофон» кеші өтеді

Қонаевта Қала күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында тұрғындардың шығармашылық қабілетін көпшілікке танытуға мүмкіндік беретін «Ашық микрофон» кеші ұйымдастырылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026
Жаңалықтар

Еркін форматтағы шарада қала тұрғындары мен қонақтары бір сахнада бас қосып, өз өнерін ортаға сала алады.

Шығармашылық кеш 22 қыркүйекте Б. Соқпақбаев атындағы Орталық саябақта өтеді. Шара сағат 18:00-де басталады.

«Ашық микрофонның» басты ерекшелігі – сахнаның кәсіби өнерпаздарға ғана емес, көпшілік алдында өнер көрсетуге ниетті кез келген тұрғынға ашық болуы. Қатысушылар жанды дауыста ән шырқап, өлең оқып, өзге де шығармашылық қабілеттерін көрсете алады. Жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды, мерекелік алаңға жастармен қатар балалар да шыға алады.

Мұндай формат Қала күнін тек концерттік бағдарламамен шектемей, тұрғындардың өздерін мерекенің белсенді қатысушысына айналдыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге көпшілікке танылмаған таланттардың өнерін көрсетуіне және шығармашылық орта қалыптастыруға жол ашады.

Кешке сахнаға шығуды жоспарламаған тұрғындар да көрермен ретінде қатысып, өнер көрсетушілерге қолдау білдіре алады.

Осылайша, 22 қыркүйек күні Б. Соқпақбаев атындағы Орталық саябақ Қонаев тұрғындары мен қонақтарын музыка мен поэзия тоғыстырған ашық шығармашылық алаңда біріктірмек.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz