Қала күні – Қонаев тұрғындары үшін жыл сайын асыға күтетін мерекелердің бірі. Биыл да айтулы датаға орай көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлайтын концерттік бағдарлама әзірленіп отыр.
Мерекелік кеш 2 қазан күні сағат 18:00-де басталады. Қала тұрғындары мен қонақтары Орталық алаңда бас қосып, Қонаевтың мерекесін бірге атап өтеді.
Ұйымдастырушылар барша тұрғындар мен шаһар қонақтарын мерекелік концертке қатысуға шақырып отыр.





