Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта Қала күні алты күн бойы тойланады

Қонаевта биыл Қала күні кең көлемде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар 21 қыркүйекте басталып, 26 қыркүйекке дейін жалғасады. Алты күнге жоспарланған бағдарлама мәдени, спорттық, танымдық және қайырымдылық бағыттағы шараларды қамтиды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.09.2026
Жаңалықтар

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мерекелік аптаның әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарының әртүрлі жас санатын қамтитындай етіп жасалған.

Мерекелік шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаумен қатар, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, бұқаралық спортты дамыту, мәдени құндылықтарды дәріптеу және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті нығайту.

Алты күнге созылатын мерекенің негізгі шаралары 26 қыркүйекте өтеді.

Қала күнінің қорытынды күні Қонаев есімімен тығыз байланысты көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталады.

Ресми бөлімнен кейін қала көшелерінде авто және мотошерулер ұйымдастырылады. Бұл күні Қонаевтың бірқатар аумағында мерекелік шаралар жалғасып, тұрғындар мен қала қонақтарына арналған түрлі бағдарламалар ұсынылады.

Қала күнін мерекелеудің қорытындысы ашық аспан астындағы концерттермен түйінделеді. Сахнада танымал өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.

 

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстанҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz