Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта газ қауіпсіздігі күшейтілді: 469 пәтер тексерілді

Қонаевта газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026
Жаңалықтар

Жыл басынан бері арнайы комиссия көгілдір отынға қосылудан бас тартқан 469 пәтерді тексерді. Бұл туралы қала әкімі Асхат Бердіханов тұрғындармен кездесу барысында айтты.

Жиында қала басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларға тоқталды. Кездесуде Қонаевты газдандыру, жылыту маусымына дайындық және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазіргі уақытта қаланың №19, №20, Арна, Спутник және Рауан шағынаудандарында газ желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаларды 2025-2027 жылдар аралығында кезең-кезеңімен аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар саяжай алқаптарын газбен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қала әкімінің мәліметінше, газ комиссиясы көгілдір отынға қосылудан бас тартқан 469 пәтерді тексерген. Нәтижесінде тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану және белгіленген талаптарды сақтау жөнінде 112 хабарлама берілді. Ал 58 пәтер электр плиталарын пайдалануға көшкен.

«Алда жылыту маусымы келеді. Оған дайындықты қазірден бастау қажет. Көгілдір отынның жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керек. Былтыр Қонаевта газ-ауа қоспасының жарылыстары орын алды. Мұндай жағдайлардың алдын алу – ортақ міндет. Сондықтан газ комиссиясының жұмысы алдағы уақытта да жалғасады», – деді Асхат Бердіханов.

Кездесуде газ қауіпсіздігімен қатар қаланың инженерлік инфрақұрылымына қатысты бірқатар мәселе көтерілді. Атап айтқанда, №8-10 шағынаудандардың тұрғындары ауыз су мен кәріз жүйелерінің сапасына шағымданды. Кәріз желісінің жұмысына қатысты мәселені Қарлығаш шағынауданының тұрғындары да көтерді.

Осыған байланысты қала әкімі аталған аумақтарда салынған инженерлік желілердің жағдайын қосымша тексеруді тапсырды.

Қарлығаш шағынауданында электр энергиясының жиі өшуі де тұрғындарды алаңдатып отыр. Қазіргі уақытта бұл аумақта жаңа электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Ал Әсемтас шағынауданының тұрғындары электр желісіндегі кернеудің төмендігін айтып, балалар ойын алаңын салу қажеттігін көтерді. Қала басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне айтылған мәселелерді зерделеп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Кездесу қорытындысында тұрғындар көтерген инженерлік инфрақұрылым мәселелері жауапты бөлімдердің бақылауына алынды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz