Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта 6,5 шақырымнан астам жаңа газ желісі тартылды

Қонаев қаласында газбен жабдықтау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Қаланың 2 және 18-шағынаудандарында жаңа газ тарату желілері салынып, нәтижесінде 2 227 тұтынушыға табиғи газға қосылуға мүмкіндік жасалды. Бүгінде олардың 945-і көгілдір отынды пайдаланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.09.2026
Жаңалықтар

2025–2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында қаланың газбен жабдықтау жүйесін дамытуға 38 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Қаржы жаңа желілер тартуға және тұрғындарды орталықтандырылған газ жүйесіне қосуға бағытталды.

Атап айтқанда, 2-шағынауданда ұзындығы 4,5 шақырым болатын төмен қысымды газ желісінің құрылысы толығымен аяқталды. Бұл аумақта орналасқан 36 үйдің 26-сы газға қосылған. Қалған үйлерде ішкі монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларды жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланған.

Ал 18-шағынауданда 2 шақырымнан астам жаңа газ желісі салынды. Инфрақұрылымның кеңеюі тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп, газ баллонына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Қала тұрғыны Есенгүл Абдраимованың айтуынша, табиғи газға қосылу отбасының күнделікті тұрмысына айтарлықтай қолайлылық әкелген.

«Бұрын газ баллонын 4 мың теңгеге сатып алып, оның жеткізілуін күтетінбіз. Егер газ кешке таусылып қалса, таңға дейін күтуге тура келетін. Қазір газды тәуліктің кез келген уақытында – күндіз де, түнде де пайдалана аламыз», – дейді тұрғын.

Сонымен қатар биыл 1 шілдеден бастап тауарлық газдың көтерме бағасы өзгерген. Алайда салалық департаменттің мәліметінше, кәсіпорынның газ тасымалдау қызметіне арналған тарифтері соңғы бес жылда көтерілмеген.

Алматы облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова тұрғындар үшін сараланған тариф қолданылатынын атап өтті.

«Халық үшін газдың бағасы қосылған құн салығымен бірге бір текше метріне 56,07 теңгені құрайды. Бұл кәсіпорын бойынша тауарлық газдың орташа бағасынан төмен. Орташа баға – бір текше метріне 76,84 теңге», – деді Гүлмира Өтегенова.

Қонаевтағы газ инфрақұрылымын жаңғырту мұнымен тоқтамайды. 2027–2028 жылдары газбен жабдықтау саласындағы жабдықтарды жаңарту және арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға шамамен 35 млн теңге қарастыру көзделген.

Жаңа желілердің іске қосылуы Қонаев тұрғындарының табиғи газға қолжетімділігін кезең-кезеңімен арттырып, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz