Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта 10 мыңнан астам тұрғын экологиялық акцияға қатысты

Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жыл басынан бері 38 сенбілік ұйымдастырылып, оған 10 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар қала аумағында анықталған 19 заңсыз қоқыс үйіндісі толық жойылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026
Жаңалықтар

Экологиялық іс-шараларға қала тұрғындары, еріктілер мен мемлекеттік қызметшілер белсенді атсалысты. Сенбіліктер барысында көшелер, қоғамдық орындар мен өзге де аумақтар қоқыстан тазартылып, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Қала тазалығын қамтамасыз етуге әкімдікке қарасты «Жасыл қала Қонаев» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жауапты. Мекеме қызметкерлері күн сайын көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап, шөп қалдықтарын жинайды және рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюмен айналысады.

Қоршаған ортаның ластануын бақылауда цифрлық технологиялар да қолданылып жатыр. Атап айтқанда, «Ғарыш сапары» геопорталы арқылы Қонаев қаласының аумағында 19 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Бүгінде олардың барлығы толық тазартылды. Бұдан бөлек, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері қала аумағына тұрақты мониторинг жүргізіп, жаңадан пайда болған қоқыс орындарын анықтау және жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қала тұрғындары да тазалық мәселелерін шешуге белсенді қатысып келеді. Олар анықталған заңбұзушылықтар мен санитарлық мәселелер туралы «Taza Qazaqstan» Telegram-боты арқылы хабарлай алады. Жыл басынан бері аталған платформа арқылы 28 өтініш келіп түскен. Олардың барлығы белгіленген тәртіппен қаралып, тұрғындар көтерген мәселелер бойынша тиісті тазалық жұмыстары жүргізілді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, санитарлық тазалықты сақтау және заңсыз қоқыс үйінділерінің алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жалғасады. Бұл шаралар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға және қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Алатау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Ауылда жүріп-ақ кәсіп ашқан: Алматы облысының жастары немен айналысып жүр?

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы облысында су құбыры желілерін жаңғыртуға 37,7 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы – Қонаев тасжолы ақылы жолдар рейтингінде көш бастады

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Акжаркын
11.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz