Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Алатау қаласының тұрғындарымен кездесті

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Алатау қаласының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы есеп берді. Жиында Алатау қаласында іске асырылып жатқан жобалар мен алдағы мақсат-міндеттер сараланды. Шараға қоғамдық ұйым өкілдері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары және жергілікті халық қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026
Жаңалықтар

Биыл Алатау қаласында бірнеше ірі инвестициялық жобаның құрылысы басталды. Мәселен, инвестиция құны 800 млн АҚШ долларын құрайтын «Iconic Complex» көпфункционалды кешенінің іргетасы қаланды. Жоба аясында 272 метр болатын 56 қабатты ғимарат, қонақ үй, тұрғын үйлер, кеңсе және сауда орындары салынады. Құрылысты 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Нысанды сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмысы толық аяқталды. Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен «K-Park» мәдени-іскерлік орталығының құрылысы қолға алынды. Ал құны 45 млрд теңгені құрайтын «Гриффин Логопарк Алматы» жобасы аясында 2 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.

Аймақ басшысы аталған жобалар қаланың іскерлік, мәдени және логистикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Ең бастысы, жаңа өндірістер мен кәсіпорындар жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және шағын бизнестің дамуына серпін беруі тиіс. Біздің басты мақсатымыз – Алатауды заманауи инфрақұрылымы дамыған, инвестицияға қолайлы, экономикасы қуатты және тұрғындары үшін жайлы қалаға айналдыру», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Бүгінде Алатау қаласын дамыту мақсатында бірқатар маңызды жоба қолға алынған. Мәселен, 9 айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық айналымы 13,3 млрд теңгеге жетті. Ал тартылған инвестиция құны 70 млрд теңгеден асты. Қазіргі уақытта тұрғындар саны 58,3 мыңға жуықтап, жыл басынан бері 3,2 мың адамға өсті. Осыған орай халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл Жаңаарна шағын ауданында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Болашақта Жетіген шағын ауданында 250 адамға арналған емхана және Жаңадәуір шағын ауданында 50 емделушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр. Бүгінде жобалық-сметалық құжаты дайын. Сондай-ақ «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қоянқұста 900 орынды жаңа мектеп ашылды. Нәтижесінде аталған шағын аудандағы үш ауысымды білім беру мәселесі шешілді. Спорт саласын дамыту мақсатында биыл Заречный шағын ауданында 60 орынды дене шынықтыру кешенінің құрылысы басталды.

Қазіргі таңда шаһардың инфрақұрылымын дамыту жол картасы іске асырылуда. Соның аясында жалпы құны 35,3 млрд теңгені құрайтын 28 жоба жүзеге асырылып жатыр. Биыл қаланың 9 шағын ауданындағы жалпы ұзындығы 40 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге 1,4 млрд теңге қаржы бөлінді. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

Жиын барысында тұрғындар толғандырған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауап алды. Сауалдардың біразы жерді рәсімдеу мәселесіне қатысты болды. Мамандардың сөзінше, қазіргі таңда қаланың Бас жоспары бекітілген жоқ. Соған сәйкес жер теліміне қатысты құжаттарды рәсімдеу де кешеуілдеуде. Тағы бір тұрғын «Алматы – Өскемен» тасжолына жерасты немесе жерүсті өткелін салып беруді өтінді. Қазіргі таңда аталған жол Алатаудың негізгі көшесіне айналып келеді. Жауапты қызметкерлер Бас жоспарды бекітерде, бұл өтініштерді енгізуге күш салатындарын жеткізді. Тұрғындар сондай-ақ мәдени, спорттық және медициналық нысандар жетіспейтінін айтып, балаларға арналған үйірмелер ашылса деген өтініштерін жеткізді. Шыңғыс Әрінов тұрғындардың сауалы ескерусіз қалмайтынын айтып, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, қаланы дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылатынын айтты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Алатау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Ауылда жүріп-ақ кәсіп ашқан: Алматы облысының жастары немен айналысып жүр?

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы облысында су құбыры желілерін жаңғыртуға 37,7 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы – Қонаев тасжолы ақылы жолдар рейтингінде көш бастады

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Акжаркын
11.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz