Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауылда жүріп-ақ кәсіп ашқан: Алматы облысының жастары немен айналысып жүр?

Алматы облысында ауыл жастары мемлекеттік гранттың көмегімен тың жобаларды жүзеге асырып, өз кәсібін дамытуға кіріскен. Бірі ұлттық қолөнерді табыс көзіне айналдырса, енді бірі балаларға арналған SPA орталығын ашқан. Ал мектеп оқушылары ауыл шаруашылығы қалдықтарынан экологиялық таза тыңайтқыш өндіруді қолға алды. Мұның бәрі – «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары жүзеге асырған бастамалар, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026
Жаңалықтар

Қарасай ауданына қарасты Береке ауылында тұратын 11-сынып оқушысы Берік Әжімбай мектепте білім алумен қатар, отбасылық кәсіпті дамытуға үлес қосып жүр. Ол «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында 1 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант жеңіп алып, қаражатты әкесінен үйренген қолөнер кәсібін дамытуға жұмсаған.

Беріктің отбасы ат әбзелдерін дайындаумен айналысады. Шағын шеберханада ертоқым, жүген, ноқта, үзеңгі секілді ұлттық бұйымдар жасалады. Жас кәсіпкер бұл өнердің қыр-сырын әкесінен меңгерген. Грант қаражатына сапалы материалдар сатып алынып, шеберхананың жұмысы жандана түскен.

Қазір олардың қолынан шыққан бұйымдарға еліміздің әр өңірінен тапсырыс түседі. Берік сабақтан бос уақытында әкесі мен бауырларына көмектесіп, шеберханада еңбек етеді. Оның арманы – болашақта үлкен шеберхана ашып, ұлттық қолөнерді кеңінен дамыту.

Ал Райымбек ауданының Нарынқол ауылында жас кәсіпкер Пернегүл Зікір балалар мен отбасыларға арналған «Sabi SPA» орталығын ашқан. Бұл да – «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының көмегімен жүзеге асқан жобалардың бірі.

Орталықта гидромассаж ванналары, жеңіл массаж, ароматерапия және жайлы демалыс аймақтары қарастырылған. Жас кәсіпкердің мақсаты – ауыл тұрғындарына балаларға арналған жаңа қызмет түрін ұсынып, денсаулықты күту мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.

Жоба іске қосылғаннан бері орталықтың қызметін 100-ден астам бала мен ата-ана пайдаланған. Ай сайын орта есеппен 15–20 отбасы сауықтыру қызметтерін алған. Осылайша Нарынқолда тұрғындарға арналған жаңа қызмет көрсету орны пайда болды.

Ауыл жастары кәсіпкерліктің дәстүрлі бағыттарымен ғана шектелмей, экологиялық жобаларды да қолға алып жатыр. Мәселен, Ұйғыр ауданындағы Долайты орта мектебінің 11-сынып оқушылары Алянура Исадуллаева мен Жансая Айдархан органикалық қалдықтардан тыңайтқыш өндіру жобасымен грант жеңіп алған.

Олар ауылдағы мал шаруашылығынан шығатын қалдықтарды қайта өңдеп, табиғи биогумус өндіруді бастаған. Бұл үшін калифорниялық қызыл құрттарды пайдаланып, химиялық қоспасыз тыңайтқыш дайындайды.

Жоба аясында оқушылар 50 литр сұйық және 500 келі құрғақ биогумус өндірген. Алынған өнім ауыл шаруашылығында қолданылып, өсімдіктердің өсуіне оң әсер еткені байқалған.

Жас кәсіпкерлердің бастамасы ауылдағы органикалық қалдықтарды тиімді пайдалануға, топырақ құнарлылығын арттыруға және экологиялық таза өнім өндіруге бағытталған. Бұл жоба мектеп қабырғасында жүріп-ақ өндіріс ісін меңгеруге болатынын көрсетіп отыр.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының тағы бір жеңімпазы – Жамбыл ауданының тұрғыны Нұргүл Өнербекқызы. Ол 2025 жылы алған грантының аясында Ұзынағаш ауылында жастардың медиасауаттылығын арттыруға бағытталған жобасын жүзеге асырған.

Жоба қатысушылары әлеуметтік желілерде жеке бренд қалыптастыруды, авторлық парақша жүргізуді, шығармаларын көпшілікке таныстыруды, кітап сатуды және оқырман аудиториясын кеңейтуді үйренген.

Осы мақсатта екі топқа арналған бес күндік офлайн тренинг өткізіліп, кейін 25 күн бойы онлайн сабақтар ұйымдастырылған. Қатысушылар әдеби SMM, блогинг, фактчекинг, жалған ақпаратты анықтау және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану бойынша тәжірибелік білім алған.

Нұргүлдің бастамасы ауыл жастарының цифрлық сауаттылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және заманауи медианың мүмкіндіктерін меңгеруге бағытталған.

Осылайша Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары өз идеяларын нақты іске айналдырып жатыр. Олардың арасында мектеп оқушыларының болуы ерекше назар аудартады. Жастардың бірі ата кәсіпті жалғастырса, енді бірі ауыл тұрғындарына қажетті жаңа қызмет түрін ұсынып, тағы бірі экологиялық өндірісті дамытуды қолға алған.

Бұл бастамалар ауылда да кәсіп ашуға, жаңа технологияларды игеруге және өз еңбегімен табыс табуға мүмкіндік бар екенін көрсетеді. Ең бастысы, жастар туған жерінде еңбек етіп, ауылдың дамуына өз үлесін қосып келеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Алатау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Ауылда жүріп-ақ кәсіп ашқан: Алматы облысының жастары немен айналысып жүр?

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы облысында су құбыры желілерін жаңғыртуға 37,7 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы – Қонаев тасжолы ақылы жолдар рейтингінде көш бастады

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Акжаркын
11.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz