Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаев қаласының әкімдігіне 12 млн теңгелік робот сыйға тартылды

Қонаев қаласында жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін ерекше көмекші пайда болды. Жергілікті кәсіпкер Қанат Ибраим Жасанды интеллект жылына орай қала әкімдігіне заманауи робот сыйға тартты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026
Жаңалықтар

Қала әкімдігінің мәліметінше, Қытайда өндірілген роботтың құны шамамен 12 млн теңгені құрайды. Жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған құрылғы түрлі командаларды орындап, қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

Алдағы уақытта роботты білім беру үдерісінде, танымдық-ағартушылық және қоғамдық іс-шараларда пайдалану жоспарланып отыр.

Бұл бастама балалардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттырып, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуына бағытталған.

Жаңа робот қала тұрғындарының да қызығушылығын тудырды. Қонаев көшелерінде оның қозғалысы мен түрлі әрекеттерін тамашалаған тұрғындар ерекше құрылғыға назар аударды.

Қонаев қаласының әкімдігі заманауи технологияларды дамытуға қолдау көрсеткен кәсіпкер Қанат Ибраимге алғыс білдірді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Көлсайда 6,3 шақырымдық аспалы жол салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz