Өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаны отандық кәсіпкерлер жүзеге асырмақ. Аспалы жолдың салынуы туристердің көлдер арасында қатынауын жеңілдетіп, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба аясында 90 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
Қазіргі уақытта аспалы жолдың 43 тірек бағанасы орнатылатын орындар белгіленіп, жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізуге қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары басталмас бұрын жоба мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс.





