Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев гарнизонында Арнайы операциялар күштерінің «Nomad» курсы басталды

Қонаев гарнизонында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің қатысуымен Арнайы операциялар күштеріне арналған «Nomad» курсының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жұмыс сапары барысында Бас штаб бастығы курсты өткізуге дайындық деңгейін тексеріп, оқу инфрақұрылымымен танысты. Ол оқу сыныптарын, нұсқаушылардың орналасу орындарын, спорт залын, сондай-ақ Қапшағай су қоймасының акваториясында су даярлығына арналған оқу-материалдық базаны аралап көрді.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Қаныш Әбубәкіров «Nomad» курсы арнайы мақсаттағы бөлімдерде қызмет атқарудың маңызды кезеңі екенін атап өтті.

««Nomad» курсынан өту – арнайы мақсаттағы бөлімдерде әскери қызмет өткерудің міндетті шарты. Бағдарлама кез келген жағдайда жеке және топ құрамында жауынгерлік міндеттерді тиімді орындай алатын әмбебап әскери мамандарды даярлауға бағытталған», – деді генерал-лейтенант.

Курс бағдарламасы екі кезеңнен тұрады: «Сынақ» және «Жетілу».

Алғашқы кезеңде әскери қызметшілер іріктеуден өтіп, су және атыс даярлығы бойынша машықтарын жетілдіреді, әскери топографияны меңгеріп, жергілікті жерде бағдарлау дағдыларын шыңдайды. Бұдан кейін олар өздерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес мамандандырылған дайындықтан өтеді.

Ал «Жетілу» кезеңі әскери қызметшілердің кәсіби біліктілігін бекітуге және дамытуға бағытталған. Бұл кезеңде алған білім мен тәжірибе нақты жауынгерлік жағдайларға барынша жақын ортада тәжірибе жүзінде пысықталады. Сонымен қатар дайындық деңгейін бағалау үшін бақылау сабақтары ұйымдастырылып, курс тактикалық-арнайы оқу-жаттығулармен қорытындыланады.

«Nomad» курсының жалпы ұзақтығы 8,5 айды құрайды. Оқу-жаттығулар 20030 әскери бөлімінің базасында және Қапшағай су қоймасының акваториясындағы әскери нысандарда өткізіледі.

Мамандардың айтуынша, бұл курс Арнайы операциялар күштері әскери қызметшілерінің кәсіби даярлығын жаңа деңгейге көтеріп, олардың күрделі жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын арттыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шілде айында жұмыс іздеушілер саны артты: қай салада сұраныс жоғары?

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Қонаев гарнизонында Арнайы операциялар күштерінің «Nomad» курсы басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Тәуелділікке тәуелсіз болайық

Диана Ахметова
06.08.2026

Абай болсақ, апаттың алдын аламыз

Диана Ахметова
06.08.2026

Конституциялық реформалар: қоғам сұранысына жауап

Диана Ахметова
06.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz