Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев гарнизонында әскери қызметші төртінші қабаттың терезесінен құлап, жарақат алды

Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші төртінші қабаттың терезесінен құлап, жарақат алды. Оқиға 3 тамыз күні болғаны туралы Қазақстан Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлері мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккен сарбаз оқиға болғаннан кейін бірден медициналық мекемеге жеткізілген. Қазір оған қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оның денсаулық жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мәліметінше, оқиғаға дейін әскери қызметші қызмет өткеру жағдайына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Сондай-ақ оқиға алдында ол әскери бөлімге келген ата-анасымен кездескен. Олардың тарапынан да әскери бөлімнің жұмысына қатысты ешқандай арыз-шағым түспеген.

Оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеріс тағайындап, арнайы комиссия құрған. Ведомство мәліметінше, оқиғаның себептері жан-жақты зерделеніп жатыр, тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz