Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында бес жасар қыздың өліміне қатысты сот басталды

6 қыркүйек күні сот 13 шілдеде сотталушының үйінен мәйіті табылған Сарыағаш ауданындағы бес жасар қыздың жан түршігерлік өліміне қатысты істі қарай бастады.

07.09.2023
Қоғам

Процестің басталғаны туралы адвокат Талғат Есімов 6 қыркүйек күні түстен кейін өзінің Telegram-дағы арнасында айтты. Адвокаттың айтуынша, сот процесі басқа аймақта өтіп жатыр.

«Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және үлкен резонанс аясында кез келген шектен шығудың алдын алу мақсатында сот процесі басқа облыстағы тергеу изоляторының аумағында өтіп жатыр. Менің жеке ұстанымым: Үкім бір, сотталушыны қоғамнан өмір бойы оқшаулау болуы керек», — деді заңгер Талғат Есімов.

«Отырар» басылымының хабарлауынша, бұл іске қатысты үкім алдағы уақытта шығады.

13 шілде күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны бес жасар қызының жоғалып кеткенін айтып, полицияға жүгінген. Ауыл тұрғындары полициямен бірлесіп, қызды іздеген. 5 жасар қыздың денесі жергілікті тұрғынның үйінің шатырынан зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Ер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Бұл атышулы қылмысқа қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады.

Тегтер: Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысы өтті

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Боралдайда құрылысқа қажетті металл құбырлар шығарылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Қараойда жаңа өрт сөндіру бекеті салынып жатыр: ауыл қауіпсіздігі қалай күшейеді?

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Алматы облысында 61 саяжай кооперативі ауыл шекарасына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Байсеркеде газдандыру мен жаңа аллея салу мәселесі көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz