Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қаңтарда өртеніп кеткен Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеуге 17 млрд теңге қажет

Алматы әкімдігі ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оның қасбеті сақталады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

31.08.2022
Қоғам

Спикердің сөзінше, Алматы әкімдігінің ғимаратын қайта қалпына келтіру үшін арнайы жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

«Бірінші кезеңдегі жобалық-сметалық құжаттама үш павильонға арналған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны — шамамен 13 млрд теңге. Ең үлкен павильон төртіншісі болмақ. Соған сәйкес, екінші кезеңде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз. Қыркүйек айының соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Құны қорытынды шыққан соң анықталады, бірақ алдын ала есеп бойынша 4 млрд теңге шамасында. Яғни, ғимаратты жалпы қалпына келтіруге бізге 17 млрд теңге қажет», — деді басқарма өкілі.

Сонымен қатар, ол ғимараттың қасбеті сақталатынын атап өтті.

«Алматы әкімдігі ғимаратының қасбеті барынша сақталады, біз бұрынғы тарихи келбетін қайтарамыз. Эстетикалық көріністі сақтаймыз», — деді Ұлан Оңалбаев.

Бұған дейін Ерболат Досаев Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқталатынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz