Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Баспана кезегінде тұрған адамдардың 15 мыңнан астамы қайтыс болып кеткен

230 мыңнан астам қазақстандық баспана кезегінен шығарылады. Талдау нәтижесінде олардың 96 мыңнан астамы соңғы 5 жылда үйлі болған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді.

03.10.2023
Қоғам

Кезекте тұрған тағы 533 адам Қазақстан азаматы емес. Деректер базасындағы 15 мың 600 азамат өмірден өткен.

Жергілікті әкімдіктер баспанаға мұқтаж жандардың тізімін жыл сайын жаңартып отыруға тиіс. Жыл басында жүргізілген арнайы сараптама негізінде заңның бұзылғаны анықталған.

«Заңға сәйкес егер азаматтың атында тұрғын үй тіркелсе, тұрғылықты мекенжайын ауыстырса, үй кезегінен шығарылады», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің бас сарапшысы Самат Бекжігіт.

Бастама қолға алынғалы әкімдіктер 10 мың адамды кезектен шығарып үлгерді. Қазір бұл жұмыс Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп атқарылып жатыр.

Айта кетсек, еліміз бойынша 647 мыңға жуық азамат кезекте тұр. Оның 430 мыңға жуығы халықтың әлеуметтік осал тобына жатады.

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тапсырмасымен Астана қаласында баспана кезегінде тұрған тұрғындар тізімі түгенделіп жатыр. Құқық меншігінде тұрғын үйі бар азаматтар кезектен шығарыла бастады. Бүгінде жоғарыдан келген тапсырма бойынша үйлі-күйлі 3 372 адам кезектен шығарылды», – деді «Тұрғын үй қоры» КММ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Бекжан Сипат.

Тегтер: баспанакезек

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтар: азаматтардың құқығы қалай қорғалды?

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Динара Әлібекқызы: Әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалуға тиіс

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
22.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
22.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
22.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz