Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматы қаласының ауасы қашан тазаланады?

Қала әкімдігінде ауаны ластайтын негізгі көздер туралы сөз етілді. Олар: автокөліктердің түтіні, жылу энергетикалық кешендер (ЖЭО-2,3), Алматыдағы газдандырылмаған үйлер мен саяжайлар, өндірістік кәсіпорындар, деп хабарлайды Alataunews.kz.

13.09.2022
Қоғам

Сонымен бірге қаладағы тығыз орналасқан ғимараттар мен үйлер табиғи желдетуді төмендетіп, ауаның ластануына әсер етеді.

2021 жылы залалды заттардың жалпы көлемі 127 мың тоннаға жетті. Оның ішінде:

  • 70 мың тонна – автокөліктен,
  • 46 мың тонна – стационарлық көздерден (оның ішінде 36 мың тонна ЖЭО-2),
  • 11 мың тонна – жеке сектордан.

«Алматыда 2023 жылға дейінгі даму бағдарламасына сәйкес, газдардың уыттылығы мен түтіннің нормаға сай екендігін талдау қағидалары қабылданады. Автокөліктерге экологиялық сынып беру туралы регламент әзірленеді. Құжат ЕЭО-тың экомаркировка жасау жөніндегі техрегламентіне сәйкес болады», — делінген әкімдік құжатында.

Қазіргі кезде дизель отынымен жүретін:

  • қаланың тазалығына жауап беретін 3,4 мың арнайы техника мен автобус;
  • 1200 дизельді қоғамдық көлік — 2025 жылға қарай табиғи газ бен токпен жүруге ауыстырылады. Бұл қабылданған шара ауаны ластаушы заттарды жылына 3 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ табиғи газбен жүретін автобустар үшін жаңа инфрақұрылым салу жоспарланып отыр. Оған қоса жеке (2025 ж.) және қоғамдық электр көлігін (2030 ж.) зарядтау үшін желілер салынады. 2030 жылға қарай электр автобустары үшін 3 жаңа заманауи депо пайдалануға беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz