Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда TikTok-тың өкілдігі ашылады

Дархан Қыдырәлі TikTok компаниясының вице-президенті Тео Бэртраммен кездесті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.09.2022
Жаңалықтар

TikTok Қазақстанда туризм бойынша біріккен жобаларды бастаған. Кездесуде баспасөз хатшыларын оқыту, цифрлық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік желіні тиімді қолдану жағынан ортақ тренингтер ұйымдастыру туралы айтылды.

«Кездесуде TikTok интерфейсіне қазақ тілін енгізу және қазақша контентті бірлесе дамытуды ұсындым. Компания өкілі желіге қазақ тілін орнату жайы қарастырылып жатқанын жеткізді. Министрлік ақпарат, жастар, отбасы және азаматтық қоғамды дамыту бойынша уәкілетті орган болғандықтан, компаниямен креативті контенттер және заманауи сапалы материалдар жасауға мүдделі. Мәселен желіде Bala house, «Ел бірлігі» жобалары жақсы көріліп жатыр. Бұл бағыттағы жобаларды бірге жалғастырып, TikTok хаустарды ұйымдастырамыз. Себебі компания желіде білім беруге қатысты, имидждік контенттерді көбейтуді де жоспарлап отыр екен», — деп жазды министр.

Сонымен қатар Дархан Қыдырәлі жуырда Қазақстанда TikTok-тың офисі ашылатынын айтты.

«Бұл Қазақстанның белгілі компаниямен тығыз байланыс орнатып, елге қажетті дүниелерді ақылдаса отырып жасауға таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. Астанада өткен Digital Bridge форумында Мемлекет басшысы Қазақстанның алдында цифрлық трансформацияның басымдықтарын жариялағаны белгілі. Аталған кездесулер Президент қойған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді деп сенемін», — делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: күннің екінші жартысында сайлаушылар белсенділігі артты

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Marvel әлемінен – Алматы облысына: Байкентте «Өрмекші адам» сайлау учаскесіне келді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Болат Әбділманов Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Бес көлік, бір таңдау: «Сокол» клубы Құрылтай сайлауына ерекше келді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Шавкат Рахмонов Қонаевта Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz