Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда орташа жалақы 312 мың теңгеден асты

Қазақстанда биылғы жылдың екінші тоқсанында орташа жалақы 312 мың теңгеден асты. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

10.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«2022 жылғы ІI тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 312 011 теңгені құрады. 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 24%, нақты мәнде – 8,9% құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІІ тоқсанда бағалау бойынша 196 728 теңге болды», — делінген ресми хабарламада.

Бір жылда жалақының ең жоғары өсімі құрылыста байқалды – 35,5%. Сондай-ақ еңбекақы көлік және қоймаға орналастыру саласында – 34,8%, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 28,3% жоғарылады. Жалақы ең аз өскен салалар: денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 12,1%, түрлі қызмет көрсетулер – 3,9%.

Өңірлер бойынша айлық еңбекақы ең көп Қызылорда облысы тұрғындарында көтерілген – 31,3%. Ең төмен өсім Нұр-Сұлтан қаласында байқалды – 14,2%, бұл ретте нақты мәнде (бағаның өсуін ескере отырып) 0,1 пайыздық тармаққа төмендеу байқалды.

Бұған дейін Қазақстанда 2022 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 285 433 теңгені құраған болатын.

Тегтер: жалақыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz