Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстанда Орта Азия волонтерлерінің бірінші форумы басталды

Бұл туралы Alataunews.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

16.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында сөйлеген сөзіндегі волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау жөніндегі бастамасын қолдауға бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялаған болатын. Форум Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Армения және Өзбекстан волонтерлерінің басын қосты.

Қатысушылар волонтерліктің жаңа үрдістерін, волонтерлікті дамытудағы Қазақстанның жақсы тәжірибесін талқылайды. Сондай-ақ үздік жобаларды және БҰҰ волонтерлер бағдарламасын – әлемдегі еріктіліктің жай-күйі туралы «Баршаға тең қоғам құру» баяндамасын ұсынады. Баяндама Африка, Араб елдері, Азия-Тынық мұхиты, Еуропа, ТМД, Латын Америкасы және Кариб бассейнінде жүргізілген кейстерге негізделген. Форум 2 кезеңнен тұрады.

I кезең. 15-16 тамызда Бурабай ұлттық паркінде және Түркістан облысында халықаралық волонтерлер мен сарапшылардың қатысуымен Қазақстанның волонтерлікті дамытудағы тәжірибесін талқылау, үздік волонтерлік жобаларды таныстыру үшін офлайн форматта пікірталас өтеді. Қатысушыларды білім беру, экология, медицина, жұмысқа орналастыру, инклюзия, бұқаралық спорт, этно-еріктілік, үздік тәжірибелер, шығармашылық аймақ және әлеуметтік шеберхананың жеке бағыттары бойынша ойын практикасы болады.

II кезең. 18-19 тамызда елордада TEDx talks форматындағы қорытынды форум өтеді. Онда панельдік сессиялар, волонтерлік қызмет кеңесі/пулы алаңдары ұйымдастырылып, делегаттар сөз сөйлейді. Күннің негізгі бөлігінде 2022 жылы ББМДҰ-ның қарары жарияланып, арнайы сессия өтеді.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz