Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстан пилотсыз ұшатын «Шағала-М» дронын Сербияға сатты

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы пилотсыз ұшатын «Шағала-М» аппаратының сериялы өндірісін жолға қойып жатыр. Бұл туралы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

15.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Шынымды айтсам, мен әскери ғылыммен айналысатындардың барлығын біріктіргім келеді. Құзыреттілік орталығы құрылды. Мысалы, ғалымдарымыз бен конструкторларымыз «Шағала» ұшқышсыз ұшу аппаратын жасап шығарса, қазір оны жаңартып, «Шағала-М» сериялы өндірісін жолға қойып жатырмыз. Ол көп функциялы барлау ұшқышсыз ұшу аппараты болады. Жақында біз өз мамандарымыздың әзірлемесін Сербиядан келген серіктестерге саттық. Бұл жаңа өнімдердің алғашқы экспорттық мәмілесі», — дейді компания басшысы.

Ұлттық компания базасында қорғаныс саласына қажетті ондаған жоба пысықтаудан өтіп жатқан көрінеді.

«Қазіргі таңда біз бір мезгілде 70-тен астам әскери және азаматтық жобаны әзірлеп жатырмыз. Алдағы 5 жылдың ішінде нарыққа жаңа өнімдер шығаратынымызға сенімдімін. Жаңа даму тұжырымдамасы аясында өндіріс пен экспортты әртараптандыру жоспарлануда», — дейді Теміржан Әбдірахманов.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

ІІМ: 1 шілдеден бастап аулаларда көлік қоюға тыйым салынбайды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Алматы облысында сел қаупін бақылауға арналған маусымдық бекеттер іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Қауіпсіз жол үшін қандай ережелерді сақтау қажет?

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Заңға құрмет – тұрақты қоғамның негізі

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Hand with Glowing bulb on the wood background

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері қайта қаралады

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz