Соңғы жылдары саяжай алқаптарында тұрақты тұратын тұрғындар санының артуы инженерлік инфрақұрылымды дамыту қажеттілігін күшейтті.
Осыған байланысты аудан әкімдігі саяжай алқаптарының әкімшілік мәртебесін реттеу жұмыстарын қолға алған.
2025 жылы Қаскелең қаласы, Алмалыбақ, Елтай, Қырғауылды және Қошмамбет ауылдарының шекарасына 68 саяжай алқабын енгізу жөнінде шешімдер қабылданды.
Алдағы уақытта 26 елді мекеннің бас жоспарларын әзірлеу барысында тағы 65 саяжай алқабын ауылдардың құрамына қосу жоспарланып отыр.
Бұл бастама саяжайларда тұрақты тұратын тұрғындарды ауызсумен, электр энергиясымен, автомобиль жолдарымен және басқа да коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге жағдай жасауға бағытталған.
Дегенмен жоспарланған 65 саяжай алқабының мәртебесі тиісті әкімшілік шешімдер қабылданғаннан кейін ғана өзгеруі мүмкін.





