Ауыл тұрғындарының мәдени өмірін жандандыру мақсатында аудан аумағында жаңа нысандар салынып, қолданыстағы ғимараттарды жаңғыртуға көңіл бөлінуде.
2026 жылы Жібек жолы ауылында жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Бұл нысан ауыл тұрғындарының мәдени іс-шараларға қатысуына, шығармашылық үйірмелер мен түрлі қоғамдық кездесулер ұйымдастыруға арналған.
Ал Әйтей ауылында салынып жатқан Мәдениет үйін 2027 жылы аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар Бекболат ауылындағы ескі Мәдениет үйін қайта жаңғырту көзделіп отыр. 2023 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған ғимаратты күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.
Аталған жобалар ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыруға және жергілікті шығармашылық бастамаларды қолдауға бағытталған.





