Оқиға Қарасай ауданындағы Қаныш Сәтбаев шыңының 4317 метр биіктігіндегі аумақта болған.
1974 жылы туған шетелдік азамат таудан түсу кезінде аяғын қайырып алып, қозғалысын жалғастыра алмаған. Оған Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары көмекке келді.
Құтқарушылар жарақат алған ер адамды таудан қауіпсіз жерге түсіріп, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медициналық бригадасына тапсырды.
Зардап шеккен Франция азаматы әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізілді.





