Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент: «Таза Қазақстан» — бұл жай науқан емес, ұрпақ тәрбиесінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Ассамблея мүшелерін және этномәдени бірлестіктерді «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсене қатысуға шақырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2025
Жаңалықтар

Президент өз бастамасымен бастау алған бұл акцияның былтырдан бері қарқынды түрде жүзеге асып келе жатқанын атап өтті. Жалпыұлттық жоба аясында 6 миллионнан астам азамат қатысып, 1,6 миллион тоннадан аса қоқыс жиналған, сондай-ақ 3,3 миллионнан астам көшет отырғызылған.

«‘Таза Қазақстан’ – бұл бүгінгі және болашақ ұрпақтың жарқын келешегіне жол ашатын маңызды бастама. Сондықтан бұл жұмысты үздіксіз әрі жүйелі түрде жалғастыру қажет. Әрбір азамат, әсіресе жастар тазалықты, ұқыптылықты және жауапкершілікті бойына сіңіруі тиіс. Тазалық – бұл тек сыртқы тәртіп қана емес, бұл рухани құндылық. Ары таза адам ешқашан еліне опасыздық жасамайды», – деді Президент.

Мемлекет басшысы «Қазақстан – ортақ үйіміз» деген қағиданы ұстана отырып, елдің әрбір өңірінде тазалықты сақтаудың маңызын ерекше атап өтті. Ол «Таза Қазақстан» идеясын насихаттауда Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді үлесін жоғары бағалап, бұл бастаманы барлық өңірлерде қолдап, әр үйден бастап жүзеге асыру қажеттігін айтты.

«Бұл – жай ғана экологиялық шара емес, бұл – өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие мен патриоттық рух берудің жолы. Әрбір қала, ауыл, көше мен аула тұрғындары осы іске атсалысуы керек. ‘Таза Қазақстан’ – бұл біздің ішкі мәдениетіміздің, шынайы отаншылдығымыздың көрінісі. Баршамыз Әділетті, Қауіпсіз және Таза Қазақстанда өмір сүргіміз келеді», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: 13kz.kz

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт ТоқаевТаза Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz