Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты Үкіметке тапсырма берді

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажеттігін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы логистиканы елдің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі деп атады.

«Қазіргі таңда логистика мәселесімен барлық елдер айналысуда. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті, бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді», – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылатынын мәлімдеді.

«Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады», – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ президент тамыз айында құрылысы басталған «Арал – Каспий» күре жолының маңызына тоқталды.

«Бұл жоба Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен 1 мың шақырымға қысқартып, жүк жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкімет осы салада қолға алынған барлық жобаның сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алатынын айтты.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Президент мемлекеттік қызметшілерге жаңа талаптар қойды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Президент Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны төмендетуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

2027 жыл – Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы: Тоқаев жаңа бастама ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Тоқаев: Алатау қаласы инвесторлар үшін қолайлы орталыққа айналуы тиіс

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz