Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодекс әзірлеу қажеттігін айтып, оны келесі жылдың соңына дейін қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы құқық жүйесінің инновацияларды енгізу мен экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруда айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, өткен ғасырдың 90-жылдарында қабылданған қолданыстағы Азаматтық кодекс өзінің тарихи миссиясын толық атқарды. Құжат нарықтық экономиканың негізгі институттарын құруға жол ашып, меншікті қорғау қағидатын бекітті және азаматтық қатынастардың құқықтық негізін қалыптастырды.

«Дегенмен қанша жерден сапалы болса да, бұл Азаматтық кодекс өтпелі кезеңдегі экономика үшін әзірленді. Сол кезде озық технологиялардың заты түгіл, аты да жоқ болатын. Әрине, соңғы 30 жыл ішінде бүкіл әлем, соның ішінде қоғамымыз түбегейлі өзгерді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы өзгерістерді ескере отырып, жаңа құжат қабылдау қажет екенін жеткізді.

«Осының бәрін ескере отырып, болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет деп санаймын», – деді президент.

Оның айтуынша, жаңа кодекс кәсіпкерлердің, инвесторлардың және азаматтардың алаңсыз жұмыс жүргізуі үшін құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Құрылтай депутаттары Үкіметпен бірлесе отырып, осы маңызды құжатты әзірлеуге тез арада кіріскені жөн. Құрылтай жаңа Азаматтық кодексті келесі жылдың аяғына дейін қабылдаса жөн болар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент мемлекеттік қызметшілерге жаңа талаптар қойды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Президент Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны төмендетуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

2027 жыл – Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы: Тоқаев жаңа бастама ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Тоқаев: Алатау қаласы инвесторлар үшін қолайлы орталыққа айналуы тиіс

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz