Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны төмендетуді тапсырды

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың табысын арттыру үшін инфляциямен жүйелі күресу қажеттігін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Үкімет бюджет пен салық жүйесін толық қайта қарағанын атап өтті. Алайда мемлекеттік саясаттың тиімділігі, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқаты мен экономикалық белсенділігіне қарай бағаланатынын жеткізді.

«Сондықтан біз үшін ең маңызды мақсат – халықтың табысын ұлғайту. Ол үшін бірінші кезекте инфляциямен жүйелі түрде күресу қажет», – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны азаматтардың әл-ауқатын күн сайын әлсірететін үнсіз жауға теңеді. Оның айтуынша, бағаның өсу қарқыны біршама бәсеңдегенімен, инфляция деңгейі әлі де жоғары.

«Сондықтан, ең алдымен, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеуі керек. Инфляцияны тежеп, төмендету қажет. Бұл – аса маңызды міндет», – деді мемлекет басшысы.

Президент Үкіметке бюджет және салық саясатын байыпты жүргізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ экономиканың өндірістік әлеуетін күшейтіп, бизнестің өнімділігін арттыруға қолайлы жағдай жасау керектігін атап өтті.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Президент мемлекеттік қызметшілерге жаңа талаптар қойды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Президент Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны төмендетуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

2027 жыл – Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы: Тоқаев жаңа бастама ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Тоқаев: Алатау қаласы инвесторлар үшін қолайлы орталыққа айналуы тиіс

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz