Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент мемлекеттік қызметшілерге жаңа талаптар қойды

Президент мемлекеттік аппараттың жұмысын түбегейлі жаңғыртып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні басқару жүйесіне кеңінен енгізу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы әрбір мекеме өз өкілеттігімен қатар, тұтас мемлекеттік аппараттың жұмысын нақты білуге тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, жасанды интеллектінің көмегімен қайталанатын міндеттер мен басқару жүйесіндегі қарама-қайшылықтарды жою қажет.

«Мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан толық және біржола арылуы қажет. Шешім қабылдауға, яғни дамуға кедергі келтіретін барлық рәсімді қысқарту керек», – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігіне де тоқталды. Ол бұл бағытта қажетті деңгейге әлі қол жеткізілмегенін атап өтіп, мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеуді ұсынды.

«Мемлекеттік қызметші, ең алдымен, Конституция талаптарын басшылыққа алып, Отанына және халқына адал қызмет етуге тиіс. Бұл жерде жекелеген өзгерістер туралы сөз болып отырған жоқ», – деді мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттік басқару жүйесіне шынайы реформа қажет екенін айтты.

«Бізге шынайы реформа қажет. Көзбояушылыққа жол беруге болмайды. Бұл – құқықтық және қаржылық шаралар қабылдауды талап ететін аса күрделі үдеріс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесін цифрлық технология мен жасанды интеллектіге негізделген жаңа экономикаға бейімдеп, жаңғырту қажеттігін жеткізді.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Президент мемлекеттік қызметшілерге жаңа талаптар қойды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Президент Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны төмендетуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

2027 жыл – Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы: Тоқаев жаңа бастама ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

Тоқаев: Алатау қаласы инвесторлар үшін қолайлы орталыққа айналуы тиіс

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz