Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Орталық Азияда алғаш рет: Алматы облысында FIA дрифт кубогы өтіп жатыр

Алматы облысындағы Sokol International Circuit автодромында Орталық Азия тарихында алғаш рет FIA Central Asian Drifting Cup (FIA CADC) халықаралық дрифт жарысы өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге бірнеше елден келген пилоттар қатысуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026
Жаңалықтар

Жарыс Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA — Fédération Internationale de l’Automobile) қамқорлығымен ұйымдастырылған. FIA әлемдік деңгейде автомобиль спортын реттеу және дамыту бағытында жұмыс істейді.

Алматы облысында бас қосқан шетелдік және қазақстандық пилоттар FIA Central Asian Drifting Cup кубогының алғашқы жеңімпазы атану үшін өзара сынға түсуде. Қатысушылар дрифт шеберлігін көрсетіп, арнайы трассада бақ сынайды.

Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт кубогының дәл Алматы облысында ұйымдастырылуы өңірдегі автомобиль спорты үшін маңызды оқиға саналады. Халықаралық деңгейдегі мұндай жарыстар автоспортты дамытуға, түрлі елдердің спортшылары арасындағы байланысты нығайтуға және өңірдің ірі спорттық іс-шараларды қабылдау мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.

Жарыс Алматы облысының аумағында орналасқан Sokol International Circuit халықаралық автодромында өтіп жатыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азияда алғаш рет: Алматы облысында FIA дрифт кубогы өтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026

Таңат Айдарбеков Кеген ауданының әкімі болып тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026

Алматы облысында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026

Алматы мен облыс тұрғындары жер сілкінісін сезді

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz