Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оралда сарбаз психикалық ауруханаға түсті

Ұлттық ұлан сарбазы әскери ант қабылдаған он күннен кейін психоневрологиялық диспансерге түсіп қалған, деп хабарлады Alataunews.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

26.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

20 жастағы ақтөбелік Арманбек Қайрон биыл маусым айында Орал қаласында әскерге шақырылған. Шілде айының соңында Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде ант қабылдаған. Алайда он күннен кейін облыстық психоневрологиялық диспансерге түскен. Бұл туралы Арманбектің туыстары кездейсоқ біліп қалған.

«Арманбектің ата-анасы жоқ, мен оның қамқоршысымын. Арманбек диплом алған күні әскерге алып кетті. Маусым айында шақырылды, 30 шілдеде ант қабылдады. Біз қатыстық, көңіл-күйі жақсы болған. Әскерге өзі барғысы келді. Он күннен кейін баланың психикалық ауруханада жатқанын білдік. Қазір жағдайы нашар. Біреумен төбелескен деп ойлаймыз. Арманбек бізден өзін алып кетуімізді өтінді. Бұрын ол аттан құлап, миы шайқалған. Оны әскерге шақырар алдында тексермеген де. Біз оны алып кеткіміз келеді. Оны аяусыз ұрған, бірақ ешкім бұл туралы айтпай отыр», – дейді сарбаздың туысы Тойбазар Аманбаев.

Ал 5517 әскери бөлімінің командирі Сағындық Хайдаров 9 тамыз күні Арманбек Қайрош медпунктке жүгінгенін айтады. Оның айтуынша, сарбаз өзіне бір нәрсе істегісі келетінін айтқан. Командир оны медпунктке апарған, акт толтырылған. Әскери полиция сарбаздың денесінде ұрып-соғу іздері жоқ екенін анықтап, тіркеген.

Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Бақыт Алазовтың айтуынша, 9 тамызда сапта тұрғанда әскери қызметші өзін біртүрлі ұстап, саптан шығып кетіп, әріптестеріне әдепсіз сөйлеген. Бұл үшін басқа сарбаздар шағымданған.

«Біз оны медициналық пунктке апардық. Психолог сөйлесіп, психиатр-дәрігерге апаруды ұсынды. Себебі, өздеріңіз білетіндей, психолог дәрігер емес, ол ем тағайындамайды. Оны психиатр дәрігер қарап, «Бейімделудің бұзылуы» деген  диагноз қойып, ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады. Бұл материал әскери полицияда тіркелген. Қызметтік тергеу тағайындалды. Түсініңіздер, біз оны психиатрға апаруға міндеттіміз. Өйткені, мұндай жауапкершілікті мойнымызға ала алмаймыз», – деді Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Бақыт Алазов.

Сонымен қатар, Бақыт Алазов сарбазға қойылған диагноз әлі нақтыланбағанын атап өтті. Енді әскери қызметкер екі ай емделуге тиіс. Содан кейін оны әскери-дәрігерлік комиссия қарап, ары қарай қызметін жалғастырып-жалғастырмайтынын шешеді.

Тегтер: Оралсарбаз

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz