Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер әскери борышын атқару барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 29011 әскери бөлімі взводының командирі Олжас Мұхтарұлы Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен 29011 әскери бөлімінің 13 әскери қызметшісі марапатталды:

  1. Аяпберген Сержан Талғатұлы – бөлімше командирі;
  2. Бегей Дастан Нұрболұлы – аға матрос (аға атқыш);
  3. Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – бөлімше командирі;
  4. Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – матрос (граната атқыш);
  5. Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – бөлімше командирі;
  6. Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – бөлімше командирі;
  7. Жаңабай Әсет Саматұлы – маман (көздеуші);
  8. Көбенов Алмас Жүсіпұлы – матрос (граната атқыш);
  9. Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – матрос (граната атқыштың көмекшісі);
  10. Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – матрос (граната атқыш);
  11. Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – матрос (оқшашар атқыштың көмекшісі);
  12. Төлеген Ақылбек Қабденұлы – аға матрос (аға атқыш);
  13. Тұрдыбекұлы Мирас – матрос (атқыш).

27 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткізген кеңесте Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза тапқанын мәлімдеді. Жиын олардың рухын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Президент қаза болған әрбір әскери қызметшінің ата-анасына арнайы көңіл айту жеделхатын жолдағанын және олардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ қайғылы оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеру және оған жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне баға беру тапсырылды.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz