Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Майнинг пен криптовалюта туралы алғашқы заң жобасын әзірледі

Қазақстанда майнинг қызметімен заңды айналысатындарға энергетикалық квота берілмек. Бұл туралы депутат Екатерина Смышляева айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.09.2022
Жаңалықтар

«Осы нормативтік-құқықтық актіні әзірлеу қажеттігі екі себепке байланысты. Бірінші — ҚР аумағында цифрлық майнингті реттеу қажеттілігі. Цифрлық майнингті заңдастыру және криптовалюта өндірушілердің қызметін одан әрі нақты реттеудің болмауы энергия шығыны саласының бақылаусыз дамуына әкелді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, цифрлық майнинг саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлау тәртібі ерікті болып саналады және Цифрлық даму министрінің бұйрығымен реттеледі. Бүгінгі таңда мемлекеттік органның тізіліміне майнингтік компаниялардың үштен бір бөлігі ғана өз еркімен тіркелген», – деді Е. Смышляева.

Адал майнерлерге берілетін үлестеменің нақты көлемі қанша болатыны әзірге белгісіз. Бүгінде заңды түрде мемлекеттік органдарда майнинг компанияларының үштен бірі ғана тіркелген.

Заңсыз жұмыс істейтіндердің электр қуатын жөн-жосықсыз пайдаланып жатқанын айтпағанның өзінде, шығын шаш етектен. Депутаттар энергетикалық квота енгізілсе, проблеманың оң шешімін табатынына сенімді.

Сондай-ақ мәжілісмендер криптовалюта өндіруге бақылауды қатаңдатып, ел аумағында криптовалюталық экожүйе құруға күш салмақ.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда цифрлық ақша айналымына тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: күннің екінші жартысында сайлаушылар белсенділігі артты

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Marvel әлемінен – Алматы облысына: Байкентте «Өрмекші адам» сайлау учаскесіне келді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Болат Әбділманов Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Бес көлік, бір таңдау: «Сокол» клубы Құрылтай сайлауына ерекше келді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Шавкат Рахмонов Қонаевта Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz