Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ливияда болған су тасқыны құрбандарының саны 11 мыңға жетті

Эпицентрі Дерна қаласында болған тасқын салдарынан 11 мың адам қаза тауып, 20 мың тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы РБК Al-Hadath-қа сілтеме жасап мәлім етті.

15.09.2023
Жаңалықтар

Ливиядағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті азаматтар мен құтқарушыларды абай болуға шақырды.

«Дерна – соғыстан қалған жарылуы мүмкін қалдықтармен ластанған қала екені белгілі», — делінген хабарламада.

Су тасқыны салдарынан оқ-дәрі мен мина қалдықтары бұрынғы орнынан қалаға шашылған болуы мүмкін, деп ескертті ұйым.

10 қыркүйекте Ливияның шығысына «Даниэль» дауылы төнді. Ол жағалаудағы Бенгази, Дерна және Джабаль әл-Ахдар қалаларына зақым келтірді. Ливия билігі Киренаика шығыс провинциясындағы үш ауданды апат аймағы деп жариялады.

Дауыл салдарынан Дернаны қоршап тұрған екі плотина жарылып, су тасыды. Су адам тұратын кварталдарды шайып, Ливияның шығыс бөлігіндегі жағалау маңындағы үйлерді қиратты. Билік өкілдері төтенше жағдай жариялады. Мектеп пен дүкендер жабылып, коменданттық сағат енгізілді. БҰҰ ұйымы жергілікті және ұлттық деңгейде жедел көмек көрсетуге уәде берді.

Тегтер: Ливиясу тасқыны

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz