Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Информатикадан халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 4 медаль жеңіп алды

Информатика пәні бойынша Индонезияда өткен халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

15.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Бұл беделді олимпиадаға біздің 4 оқушы қатысты. 90-ға жуық елден келген 350-ден астам қатысушының басын қосқан жарыста 4 шәкіртіміз де жүлделі орындарға ие болды», — деп жазды әлеуметтік парақшасында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Оралдық Жамбыл Мақсотов пен семейлік Мухаммадариф Сахмолдин күміс, ал Алматылық Ван Ли мен Таймас Қорғанбаев қола медальға ие болды.

Министрдің мәліметінше, 2022 жылы қазақстандық оқушылар ең беделді халықаралық олимпиадаларда медаль алу бойынша рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстан құрамасының қоржынында 27 медаль, оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола.

Асхат Аймағамбетов биыл алғаш рет халықаралық жарыстардың жеңімпаздары 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйлық және ҰБТ тапсырмай ЖОО-да оқуға грант алатынын айтты.

Тегтер: Олимпиадахалықаралық

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Диана Ахметова
26.08.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz