Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Іле ауданында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары күшейтілді, - деп Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Мамандардың мәліметінше, биыл аудан аумағында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау мақсатында жалпы көлемі 25 395 гектар жер өңделеді.

Жоспарға сәйкес, саяқ шегірткеге қарсы 15 795 гектар аумақ қамтылады. Оның ішінде 8 мың гектар жер әуе техникасымен, ал 7 795 гектар жер үсті техникасымен өңделмек.

Сондай-ақ, үйірлі шегірткеге, оның ішінде итальяндық прусқа қарсы 9 600 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланған. Оның 6 800 гектары әуе техникасымен, 2 800 гектары жер үсті техникасымен атқарылады.

Қазіргі уақытта жұмыстар Қараой ауылдық округінде қарқынды жалғасып жатыр. Бүгінгі күнге дейін жер үсті техникасымен 3 320 гектар, ал әуе техникасымен 2 990 гектар жер өңделген. Жалпы көлемі – 6 310 гектар.

Бұдан бөлек, итальяндық прусқа қарсы 1 800 гектар аумаққа химиялық өңдеу жүргізілді.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, өңдеу жұмыстары күн сайын таңғы сағат 04:00-ден бастап Іле ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының тікелей бақылауымен жүзеге асырылып жатыр.

“Фитосанитарлық қауіпсіздік – ауданның тұрақты бақылауындағы маңызды бағыттардың бірі”, – деп атап өтті жауаптылар.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz